Ислам революциясының жетекшісі: Сирияға шабуыл жасау – қылмыс
(last modified Sun, 15 Apr 2018 08:47:48 GMT )
Сәу 15, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сирияға шабуыл жасау – қылмыс

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға шабуылын қылмыс, олардың химиялық қарулардың қолданылуына қарсылығы туралы уәждерін жалған деп атап: "ИИР бұрынғыдай қарсыласушы топтардың қасынан табылады. АҚШ-тың аймаққа қатысты мақсаттарында жеңіліс табатыны анық",-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні жүйенің жауапты тұлғаларының бір тобы мен ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі топ өкілдерімен кездесуде АҚШ пен Франция президенттері мен Ұлыбританияның Премьер-министрін қылмыскерлер деп атап: "Америкалықтар Сирияда осындай қылмыстар жасағанымен, Ирак пен Ауғанстандағы жағдай сияқты еш пайда көрмейді",-деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен Батыстың кейбір елдері әрекеттерінің олардың отаршылдық және халықаралық диктатураны көздейтін мақсаттарынан туындағанын айтып: "Диктаторлар әлемнің ешбір жерінде азайа қоймайды. АҚШ-тың аймаққа қатысты мақсаттарында жеңіліс табатыны анық.

Америкалықтардың мақсаты Сирия, Ирак пен Ауғанстан  ғана емес. Олар ислам үмбеті мен исламға соққы беруді мақсат тұтады. Сондықтан ислам елдері АҚШ пен Батыстың кейбір басқыншы елдерінің мақсаттарына қызмет етпеуі керек.

Иранның Сирия мен Таяу Шығыс аймағында болуының себебі зұлымдыққа қарсылық танытып  келе жатқан қарсыласу қозғалысына көмектесу болды. Қарсыласу майданы көрсетілген көмектер мен сириялық күштердің ержүректігінің арқасында АҚШ, Батыс елдері мен олардың Сауд Арабиясы  сияқты жалдамалылары тарапынан жасақталған лаңкестерден басым түсіп, оларды жеңіліске ұшыратты",-деп қуаттады. 

Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның қай жерде жапа шеккен халық көмекке мұқтаж болса, сонда баратынын айтып, Иранның Палестина мәселесін қолдаудағы табанды мақсатын осы аяда бағалауға болатындығына тоқталып: "Палестина халқы табандылығының арқасында бүгінде қуатты Палестинаға айналды. Палестиналықтардың сионистерді жеңетіні мен Палестина жерінің халқына қайтарылатындығына күмәнім жоқ",-деді.

 

Тегтер