Лариджани: Сирияға шабуылдың жасалуы – жабайылық
(last modified Sun, 15 Apr 2018 09:07:35 GMT )
Сәу 15, 2018 15:07 Asia/Almaty
  • Лариджани: Сирияға шабуылдың жасалуы – жабайылық

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға шабуылын жабайылық әрі халықаралық жүйелерге қайшы әрекет деп атады.

Әли Лариджани бүгін жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысында АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сирияға зымыранмен жасаған шабуылына тоқталып, кейбір ислам елдерінің сионистік режиммен бірге осы қылмысты қолдағанына өкініш білдірді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ, Ұлыбритания мен Франция және олардың аймақ пен әлемдегі демеушілеріне: "Иран Мәжілісі осы заңсыз әрі жабайы шабуылды айыптап, мұндай айуандық әрекеттердің заманының өткенін, осындай әрекеттердің Сирия халқын лаңкестерді жоюға одан ары ынталандыра түсетінін ескертеді.

Саудиялықтар лаңкестерді қайта жандандыру мақсатында өз халқының мал-мүлкін сыйлау арқылы америкалықтарды Сирияға шабуыл жасауға итермеледі",-деді. 

 

Тегтер