Салехи: Сирияға зымыранмен шабуыл жасауы – Американың саяси дәрменсіздігі
(last modified Mon, 16 Apr 2018 16:56:27 GMT )
Сәу 16, 2018 22:56 Asia/Almaty
  • Салехи: Сирияға зымыранмен шабуыл жасауы – Американың саяси дәрменсіздігі

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Сирияға зымыранмен шабуыл жасауды Америка мен одақтастарының саяси дәрменсіздіктерінің белгісі деп атады.

Али Акбар Салехи бүгін тілшілерге берген сұхбатта  Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылына тоқталып: «Шабуыл Америка мен кейбір еуропалық одақтастарының ешбір дәлелсіз қылмыс жасағанын көрсетті. Бұл шабуыл 2003 жылдағы Ирак оқиғасын еске түсіреді. Сол кездегі Американың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл БҰҰ-да құжат көрсетіп: «Ирак Нигердан уран сатып алып, соны бейбіт емес мақсаттарда қолданбақ» деген уәж айтты. Екі жылдан кейін ол құжаттың жалған болғаны анықталып, саяси жанжалға айналды» деді.

 

Тегтер