Ғасеми: Американың Сирияға жасаған шабуылы барлық халықаралық нормалар мен конвенцияларға қайшы
(last modified Tue, 17 Apr 2018 04:19:17 GMT )
Сәу 17, 2018 10:19 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Американың Сирияға жасаған шабуылы барлық халықаралық нормалар мен конвенцияларға қайшы

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Америка мен одақтастарының Сирияға жасаған шабуылын соғысқұмарлық, барлық халықаралық нормалар мен конвенцияларға қайшы деп атады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз отырысында «Америка басқыншылық саясатымен әр кезде өзінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін өтіріктері мен жалған сылтауларымен әртүрлі елдерде әскери әрекеттерге баруда. Олар мұндай әрекеттерін қайталауы ықтимал» деді.  

Иранның дипломатиялық органының ақпарат хатшысы Ұлыбритания мен Францияның Сирияға жасаған шабуылға қосылуы мен Иранға аймақ мәселелеріне қатысты қысым жасау ықтималына қатысты айтқан сөзінде: «Америка мен одақтастарының Сирияға жасаған шапқыншылығы Иранның аймақтық саясаттарына әсер ете алмайды» деді.

Ғасеми Америка Қаржы министрі Стивен Мнучиннің Американың «Ортақ қадам» келісімінен шықпауы мүмкін екендігі туралы сөзіне тоқталып: «Американың шығуы мүмкін екендігін кесіп айтуға болмайды, күту керек. Себебі, Америка әлі нақты шешім қабылдаған жоқ» деді.

 

Тегтер