Рухани: Алпауыт мемлекеттер қалаған елге өз еріктерімен шабуыл жасайды
ИИР Президенті: "Алпауыт мемлекеттер халықаралық заңдарға қайшы аймақ елдерінің істеріне араласып, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық заңдарды бұзып, өз еріктерімен басқа елдерге шабуыл жасайды",- деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні ИИР Армиясы күніне байланысты имам Хомейнидің кесенесінің қасында өткен рәсімде Иран мен Батыс Азия аймағының айналасында шапқыншы елдердің заңсыз орналасуына тоқталып: "Мұндай аймақта алпауыт елдер лаңкестік топтарды құрал ретінде пайдалануда",- деді.
Иран Президенті Армияның міндетін ИИР-ның жүйесі мен терииториялық тұтастығын және елдің тәуелсіздігін қорғау деп атап: "Иран алпауыт елдердің қастықтарына қарсы тұрып, лаңкестерге елге кіруге рұқсат етпеу үшін күш пен стратегиялық қаруды қажет етеді",- деді. Рухани Иранның кез келген қажет қаруды шығаратыны немесе сатып алатыны және ол үшін алпауыт елдердің келісімін қажет етпейтінін қуаттап: "Алпауыт елдер аймақ мемлекеттерін қару-жарақ қоймасына айналдырмай, өздерінің қару шығаратын зауыттарын аймаққа әкелмегені жөн",- деді.