Ғасеми: АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқығы туралы есебі – саяси сипатта қасақана жасалған есеп
(last modified Sun, 22 Apr 2018 09:39:44 GMT )
Сәу 22, 2018 15:39 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ Мемлекеттік  департаментінің адам құқығы туралы есебі – саяси сипатта қасақана жасалған есеп

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқығы жайлы жыл сайынғы есебінің жариялануына реакциясында оның саяси сипатта қасақана жасалғанын айтып, теріске шығарды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: «Беделді халықаралық есептердің мәліметтеріне сәйкес, АҚШ үкіметінің өзі әлемде адам құқығын бұзушылардың бірі ретінде танылып қана отырған жоқ, сионистік режим мен аймақтағы кейбір реакцияшыл елдер сияқты адам құқығын бұзушыларды қолдауда маңызды рөл атқарады. Бұл елдер тудырған апаттар аймақты ұдайы түйткілге ұшыратып келеді»,-деді.

Ғасеми АҚШ-тың қабылдауға келмейтін негізсіз айыптауларын сынап: «АҚШ үкіметі  басқа елдердің ішкі істеріне араласып, әлемдегі адам құқығының жағдайы туралы пікір айтудың орнына тез арада өз еліндегі адам құқығын қорғау үшін тиісті шара атқарып, өз одақтастарының адам құқығын кең түрде бұзуына реакция білдірсін»,-деді.