Иранның үш билігінің басшылары халықтың мәселелерін шешу қажеттігін қуаттады
Иран Президенті, Сот билігінің басшысы мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы жексенбі күні өткізген үш билік басшыларының бірлескен отырысында халықтың қиындықтарын шешу мақсатында ынтымақтастық жасау қажеттігін қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани үш билік басшыларының бірлескен отырысының соңында тілшілерге берген сұхбатта осы отырыс пен онда талқыланған мәселелерді өте бағалы әрі маңызды деп атап: "Отырыста аймақтың қиындықтары мен жүзеге асыруда міндеттемелер жүзеге аспауы мүмкін "Ортақ қадам" секілді тақырыптар қарастырылып, қажетті шаралар да назарға алынды",- деді.
Иран Сот билігінің басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани да отырыстың соңында сөйлеген сөзінде: "Экономикалық мәселелер мен күнкөріс мәселесі Үкімет, Мәжіліс пен Сот органының әріптестігі арқылы шешілетін халықтың ең үлкен қиындығы саналады",- деп баса айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани отырыс аяқталғаннан соң Иранның үш билігі басшыларының елдегі өзекті мәселелерді шешудегі көзқарастарын бір-біріне өте жақын деп атап, бірлескен отырыстардың елдің мақсаттарын жүзеге асыру үдерісін тездететінін қуаттады.