АҚШ "Ортақ қадамнан" шықса Иран ядролық белсенділігін қайта жандандырады
(last modified Mon, 23 Apr 2018 09:15:39 GMT )
Сәу 23, 2018 15:15 Asia/Almaty
  • АҚШ

ИИР Сыртқы істер министрі жексенбі күні америкалық Al-Monitor ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ "Ортақ қадам" келісімінен шыққан жағдайда Иранның жасайтын ең шынайы таңдауы әлдеқайда дамыған бейбіт ядролық бағдарламаны бастау саналады",- деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ үкіметінің ешқашан "Ортақ қадам" негізіндегі өз міндеттемелеріне сай әрекет етпегенін баса айтып: "Иран әрдайым өзінің ұлттық мүдделеріне сай шешім қабылдайды",- деп баса айтты.

Иран СІМ АҚШ-тың өткен айдың он бесі күні  Иранның "Ортақ қадам" келісімінің экономикалық мүдделерін пайдалануына тосқауыл жасағанына тоқталып, АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуының Иран экономикасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.

Зариф Германия мен Францияның АҚШ-ты "Ортақ қадам" келісімінен шықпауға көндіру үшін Иранға қарсы қысымды арттыру мақсатында жасап жатқан талпыныстарына байланысты: "Бұл – қате саясат. Егер бұл елдер өзі мен Еуропаның мүдделерін ойлайтын болса, АҚШ президенті Дональд Трампты ядролық келісімнен шықпауымен қоса, Вашингтонның өз міндеттемелерін дұрыс және адал ниетпен орындауға көндіруі тиіс",- деді.