Егер Еуропа мен АҚШ Иранның «қызыл сызықтарынан» өтетін болса, міндетті түрде жеңіліс табады
(last modified Tue, 24 Apr 2018 16:31:03 GMT )
Сәу 24, 2018 22:31 Asia/Almaty
  • Егер Еуропа мен АҚШ Иранның «қызыл сызықтарынан» өтетін болса, міндетті түрде жеңіліс табады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Егер Еуропа стратегиялық қателік жіберіп, АҚШ-тың астамшылдығына көніп, Трамптың назарын аудару үшін «қызыл сызықтардан» өтетін болса, осы үдерістің басты жеңіліс табушысы болатыны анық»,-деді.

Әли Шамхани Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Германия Канцлері Ангела Меркельдің АҚШ Президенті Дональд Трампты «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік болуға көндіру үшін осы елге аттанғанына тоқталып: «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы – біртұтас келісім. Оған қандай да бір өзгеріс енгізу немесе міндеттемелерді толық орындамау оның бұзылғанын білдіреді және аталмыш бағдарламаның жойылғанынан еш айырмашылығы жоқ.

ИИР-нің бейбіт мақсаттағы ядролық өнеркәсібі толығымен жергілікті және отандық ғылым мен технологияға негізделген. Сол себепті осы саладағы мамандар үшін көптеген және алуан түрлі мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасады. ИИР аймақта тұрақтылық орнату және тәкфирлік лаңкестікпен күресу үшін айтарлықтай шығын шығарды. Сондықтан АҚШ, сионистік режим мен олардың аймақтағы кейбір одақтастарының тұрақсыздық тудырушы шараларына бейжай қарай алмайды. Егер сионистік режим үрей мен қорқыныш тудыру үшін зорлық көрсету дәуірінің аяқталғанын әлі түсінбесе, осы түсінбестіктің шығынын да төлеуі тиіс»,-деді.

 

Тегтер