Рухани: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы АҚШ-қа зор шығын келтіреді
ИИР Президенті егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, ауыр құн төлейді деп қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні елінің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Табризде өткізген отырысында "Соғыс – жігерлер соғысы. Келешекке үмітсіздік білдіру халық үшін ең үлкен қатер. Табысты сыртқы саясат – дұшпанның шығынын арттыру. Егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, ең ауыр шығынға ұшырайды. Иранның шығыны көп болмайды. АҚШ-тың билік басына Дональд Трамп келгеннен бері бұл мемлекет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялап келеді. Бірақ, ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығудың құны жоғары болғандықтан осы уақытқа дейін өз шешімін орындай алмады. Екі мемлекеттен басқа әлемнің барлық елі АҚШ-тың аталмыш құжаттан шығуын қате санайды",- деді.