Рухани: Иранның валюталық барлық қажеттіліктері айқын түрде қамтамасыз етіліп жатыр
ИИР президенті: "Теһран үкіметінің валюталық саясатының мақсаты ел экономикасының тұрақты дамуының қажеттілігі саналатын валюта нарығындағы тыныштық пен тұрақтылық болып табылады",- деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні Үкіметтің Экономикалық штабының отырысында мұнайдан тыс экспорттың дамуына себеп болып, Иранның әлемдік нарықтарда кең белсенділік етуіне жағдай жасайтын ирандық экспорттаушылардың талпыныстары үшін алғыс білдіріп: "Иран Үкіметінің валюталық саясаты ирандық өндірушілер мен экспорттаушыларға көбірек экономикалық белсенділіктерді жоспарлау үшін көмектеседі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жеке сектор және банктердің пікірлестігі мен әріптестігі қажет.
Иранның валюталық табысы толығымен сенімді жағдайда. Жаңа жүйедегі барлық валюталық қажеттіліктер толығымен айқын түрде қамтамасыз етіліп жатыр",- деді.