Рухани: Дұшпандардың ең маңызды қастығы үмітсіздік тудыру
ИИР Президенті дұшпандардың Иран халқына қарсы ең маңызды қастығын үмітсіздік тудыру деп атады.
Хасан Рухани жексенбі Жұмысшылар күні және Иранның үздік жұмысшыларын марапаттау рәсімінде америкалық басшылардың Иранға қарсы соңғы уәждеріне тоқталып: "Үміт, алға ілгерілеу және табыспен ағымдағы жылды аяқтап, қара ниеттілердің әрекеттеріне қарамастан Иран Ислам революциясы жеңісінің 41-ші жылдығын бұрынғыдан да салтанатты түрде тойлаймыз",- деп қуаттады. Сейсенбі, мамырдың бірі – Әлемдік жұмысшылар күні.
Иран Президенті ағымдағы жылдың "Ирандық тауарды қолдау" жылы деп аталғанын еске салып: "Ирандық тауарларды артығырақ қолдауға талпынуымыз керек. Біз адамзат келешегінің жарық болуына үміттенеміз. Бұл – біз бен тарихтың келешегін қараңғы көретіндердің айырмашылығы",- деді.