Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ирандық тауарлар қойылған көрмені аралады
(last modified Tue, 01 May 2018 02:40:04 GMT )
Maм 01, 2018 08:40 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ирандық тауарлар қойылған көрмені аралады

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі имам Хомейнидің кесенесінде өтіп жатқан ирандық тауарлар көрмесіне келіп, тауар өндірушілердің мүмкіндіктері мен әлеуеттері және олардың мәселелері мен алаңдаушылықтарынан жақыннан хабардар болды.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің хабар тарату торабының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні кешке хазірет аятолла Хаменеи ирандық өндірушілердің әртүрлі бөлімдердегі 77 павильонын аралап, тауар өндірушілердің мүмкіндіктері мен әлеуеттерімен, олардың мәселелері мен алаңдаушылықтарымен және ирандық тауарларды халықтың қабылдау деңгейімен жақыннан хабардар болды.

Ислам революциясының жетекшісі ирандық тауар өндірушілерге алғыс айтып, көрмеге қойылған өнімдердің сапасын мақтап, жөнсіз импортқа тосқауыл жасап, контрабандалық жолмен тауар енгізумен күресу керектігін қуаттады. Хазірет өндірушілердің қиындықтарын қарастырып, оларды шешуге қатысты нұсқаулар берді.