Иран мен Ресей Каспий теңізі экожүйесіндегі ғылыми ынтымақтастықтарын арттырады
ИИР-ның Ғылым, зерттеу және технология министрі елінің Каспий теңізі мен оның айналасындағы экожүйе саласында Ресеймен ғылыми, зерттеу ынтымақтастықтарын арттыруға ықылас танытатынын мәлімдеді.
IRNА-ның мәліметіне сәйкес, Мансур Ғолами сенбі күні Теһранда Ресей президентінің Каспий аймағы елдерімен ынтымақтастық істеріндегі өкілі Рамазан Абдулатиповпен кездесуінде ИИР-ның Ресей Федерациясына зор маңыз беруіне байланысты әрдайым осы елмен ғылыми ынтымақтастық жасауға мүдделігін мәлімдеп: «ИИР-ның университеттері мен ғылыми орталықтары ортақ зерттеулер жүргізу үшін өте жоғары ғылыми әлеуетке ие. Осы университеттерді мықты қолдау екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықтардағы үлкен жобалардың қалытасуына бастама бола алады» деді. Ресей президентінің Каспий маңы елдерімен ынтымақтастық істері жөніндегі өкілі Рамазан Абдулатипов та кездесуде Каспий теңізі экологиясы мәселесінің Иран мен Ресей үшін көптеген артықшылықтары мен пайдасы бар екендігін, екі елдің серіктестіктер үшін көптеген салаларды, соның ішінде Каспий саласында әзірлегенін мәлімдеді.