Арақчи: Еуропа іс жүзінде "Ортақ қадамның" мақсаттарын жүзеге асыруға бар күшін салуы керек
ИИР СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарынан, әсіресе еуропалықтардан іс жүзінде "Ортақ қадамның" мақсаттарын жүзеге асыру үшін бар күштерін салу күтілуде",- деді.
Аббас Арақчи жексенбі күні Теһранда өткен Иран мен Швеция арасындағы кеңесулердің үшінші кезеңі мен Швеция СІМ-нің орынбасары Анника Сёдермен кездесуінде: "Халықаралық сахнадағы үлкен дипломатиялық жетістік саналатын "Ортақ қадам" бағдарламасының тағдыры АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметінің күш көрсету сипатындағы әрекеттері мен міндеттемелерін орындамау салдарынан қатерге ұшырап, жойылу қаупімен бетпе-бет келіп тұр.
"Ортақ қадам" бәрінен бұрын қауіпсіздік жөніндегі келісім саналады. Сондықтан оған қатысты кез келген қатынас аймақтағы дағдарыстардың шиеленісуіне соқтырады",- деді.
Швеция СІМ-нің орынбасары Анника Сёдер де кездесуде өз елінің екі елдің әртүрлі салалар мен екіжақты, аймақтық және халықаралық аспектілердегі кеңесулері, ынтымақтастықтары мен өзара әрекеттестіктерін жалғастыру және кеңейтуге қатысты ерік-жігерін қуаттап: "Еуропа оның біртұтас күйде жүзеге асырылуын қолайды",- деп баса айтты.