Иран Жоғары сотының төрағасы АҚШ-тың сот жүйесінің әділетсіз болмысын қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i36790
Иран Жоғары сотының төрағасы АҚШ-тың Нью-Йорктің оңтүстігіндегі Иранға қарсы саяси шешім қабылдауын айыптап: "Мұндай шешім бәрінен бұрын әлемнің қоғамдық пікірінің алдында АҚШ-тың сот жүйесінің әділетсіздігін көрсетті",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 08, 2018 14:40 Asia/Almaty
  • Иран Жоғары сотының төрағасы АҚШ-тың сот жүйесінің әділетсіз болмысын қуаттады

Иран Жоғары сотының төрағасы АҚШ-тың Нью-Йорктің оңтүстігіндегі Иранға қарсы саяси шешім қабылдауын айыптап: "Мұндай шешім бәрінен бұрын әлемнің қоғамдық пікірінің алдында АҚШ-тың сот жүйесінің әділетсіздігін көрсетті",- деді.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының оңтүстігіндегі сот мамырдың бірі күні ешбір құжатсыз, Иранның сыртынан ИИР 2001 жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасында құрбан болған отбасылардың алты миллиард доллардан астам шығынын төлеуі керектігі туралы үкім шығарды.

Иранның Жоғары соты аятолла Амоли Лариджани дүйсенбі күні Иран сот басшыларының отырысында бұл шешімді Американың Иранға қарсы қастықтарының жалғасы деп атап: "Әлемнің қоғамдық пікірі мен Америка азаматтары 11-ші қыркүйек шабуылдарына әл-Қаида мен Сауд Арабиясының қатысты болғанын жақсы біледі. Сауд Арабиясы бұл оқиғаға қатысты болуын жасыру үшін АҚШ-қа көптеген пара беріп, АҚШ үкіметі бұл тақырыпқа қатысты құпия құжаттардың жарыққа шығуына кедергі жасап отыр",- деді.