Рухани: Иранның негізгі саясаты – Орталық Азия және Кавказ аймағымен қарым-қатынастарды жақындату
ИИР Президенті Иранның негізгі саясатының Орталық Азия және Кавказ аймағымен қарым-қатынастарды жақындату екенін және Еуразиямен азат сауда орнату жобасы қорытынды кезеңіне жеткенін қуаттады.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысына жасаған сапарының соңында журналистерге берген сұхбатта: "Хорасан Разави облысы – Иранның Орталық Азия мен Кавказ аймағына шығатын негізгі экспорт жолы. Бұл жол жақсы тасымалдау мүмкіндіктеріне ие. Азат сауда жобасы Еуразия аймағы елдері мен Иранның экономикалық қарым-қатынастарына өзгеріс енгізеді",- деді.
Рухани сондай-ақ, Хорасан Разави облысының туризм, ғылым, мәдениет, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы әлеуеттеріне тоқталып: "Сапарда іске қосылған үш маңызды жобаның екеуі болат өндірісі желісін жетілдіруге байланысты болды. Бұл жобалардың іске қосылуымен ИИР мұнай, газ және мұнай-химиядан кейін кен, әсіресе болат өндіру саласында да қомақты үлеске ие болады",- деді.