Мәртебелі жетекші: Еуропалық үш елге «Ортақ қадам» келісіміне қатысты сенім артпаңдар
(last modified Wed, 09 May 2018 14:57:49 GMT )
Maм 09, 2018 20:57 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекші: Еуропалық үш елге «Ортақ қадам» келісіміне қатысты сенім артпаңдар

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі еуропалық үш елмен «Ортақ қадам» келісімін жалғастыру туралы кейбір сөздерге тоқталып: «Еуропалық үш елмен келісімге қатысты айтарым, бұларға сенім артуға болмайды. Әрбір келісім үшін шынайы және іс жүзінде кепілдік алыңдар. Әйтпегенде мұндай түрмен әрекетті жалғастыруға болмайды» деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін таңертең «Мұғалім аптасына» орай Педагогикалық университетте құзырға ие болып, мыңдаған студент және мұғалімдермен кездесуде Америка президенті Дональд Трамптың сейсенбі күні түнде айтқан пасық, ақылсыз сөздеріне тоқталып: «Бұл адам әшкере өтіріктерімен Иран халқы мен ислам республикасына қоқан-лоққы жасады. Мен Иран халқының атынан оған «Сіз қателік жасап отырсыз!» деймін». Америкалықтардың үздіксіз, терең және жоюды көздейтін дұшпандықтары менімен немесе елдің басқа басшыларымен дұшпандық емес. Бұл – ислам жүйесі және жүйені таңдап, сол жолда әрекет етіп келе жатқан халықпен жауластық» деді.

Ислам революциясының жетекшісі Американың Иранның қорғаныстық әлеуеті мен аймақтағы құзырына қатысты сылтауларына сілтеме жасап: «Егер ертең «Енді зымыран өндірмейміз немесе олардың қашықтығын шектейміз» деп жарияласақ та бұл мәселе аяқталмайды. Олар міндетті түрде басқа бір сылтау мен басқа бір тақырыпты көлденең тартады. Себебі, олардың бізбен дауы – іргелі. Америка ислам республикасының негізімен қарсы» деп баса айтты.

Хазірет бұл қас дұшпандықтың себебін ислам революциясының жеңісі, ислам республикасының құрылуы және америкалықтардың Ираннан қолдарының қағылуы деп атап: «Олар жүйені жойып, Иранда қайтадан маңызды қорға ие болып, стратегиялық жағдай орнатуды қалайды. Америкалықтар Американың кейбір басшылары сияқты тек бағынатын нөкерлерді қалайды. Бірақ, ИИР өзі мен Иран халқының ғиззатымен мақтанады. Мұндай ұлылық пен асқақтыққа олар төзе алмайды» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Трамптың бірнеше күн бұрын Парсы шығанағы елдерінің басшыларына жолдаған хатына сілтеме жасап: «Америка  президенті осы елдерге жазған хатта «Мынаны істеңдер, ананы істемеңдер» деген нұсқаулар берді. Олар ислам жүйесімен де осылай қатынас жасағысы келеді. Бірақ, олай ете алмайды. Себебі, Ислам республикасы халық пен елдің қорлығын Қажар мен Пеһлеви биліктері кезінде ғиззат пен тәуелсіздік және табандылыққа айналдырды. Енді өзінің ұлттық мүдделерінен бас тартпайды» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Трамптың пасық әрі арсыз әрекетін болжанған жағдай деп атап: «Иран халқына дұшпандық жасағандардың қазір сүйектері жердің астында жатыр, бірақ ИИР өміршең күй кешуде» деді.