Maм 12, 2018 14:21 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі 31-ші Теһран халықаралық кітап көрмесіне келді

Ислам революциясының жетекшісі жұма күні 31-ші Теһран халықаралық кітап көрмесін көріп қайтты.

Революция жетекшісінің ақпарат тарату торабының мәліметіне сәйкес, Иранның Мәдениет және исмламдық бағдар министрі Сейіт Аббас Салехи қатысқан бұл шарада хазірет аятолла Хаменеи 50 павильонды аралап, баспашылармен сұхбаттасып, олардың басты мәселелері мен қиындықтарын тыңдап, баспа ісіндегі жаңалықтармен танысты.

Ислам революциясының жетекшісі көрмені аралап болғаннан кейін сөйлеген сөзінде кітап пен кітап оқуды барша адамдардың, әсіресе жастардың өміріндегі қажеттіліктердің бірі деп атап: "Кітап адам өмірінде теңдессіз рөл атқарады. Кітаптардың ішіндегі ең жақсысы – адамды Құдайға, жоғары әрі революциялық құндылықтарға жетелейтін кітап. Кітаптың қоғамда шынайы орнын табатындығына үміттенеміз",- деді.

 

 

Тегтер