Иран халқы АҚШ-тың дұшпандығын айыптау үшін жаппай шеруге шықты
https://itolqyn.com/news/iran-i36882
Кеше жұма күні ИИР-ның жер-жерінде Иран халқының АҚШ-тың "Ортақ қадамға" сәйкес міндеттемелерін орындамауы мен дұшпандығының жалғасуын айыптаған жаппай наразылық шерулері өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 12, 2018 14:26 Asia/Almaty
  • Иран халқы АҚШ-тың дұшпандығын айыптау үшін жаппай шеруге шықты

Кеше жұма күні ИИР-ның жер-жерінде Иран халқының АҚШ-тың "Ортақ қадамға" сәйкес міндеттемелерін орындамауы мен дұшпандығының жалғасуын айыптаған жаппай наразылық шерулері өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, исламдық Иранның жер-жерінде мыңдаған адам жұма намазынан кейін "АҚШ-қа өлім!" деп ұрандатып, АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісіміндегі міндеттемелерін бұзуын айыптады.

Иран халқының АҚШ-қа қарсы шеруі 950-ден астам қалада өтті. Теһранда да жүздеген адам шеруге шығып, "АҚШ-қа өлім!" деп ұрандатты.

Исламдық Иранның халқы жұма күні өткен АҚШ-қа қарсы наразылық шерулерінің соңында қорытынды мәлімдеме жариялап: "АҚШ президенті Дональд Трамптың сылтау іздеуі мен ессіз әрекеттері психологиялық соғыс тудыру, "Ортақ қадам" негізіндегі өз міндеттемелерін орындамауы, одан біржақты түрде шығып, оның қуатты Иран еліне қарсы айтқан құнсыз сөздері қылмыскер АҚШ басшыларының үстемшіл ахлағын тағы дәлелдеп отыр",- деді.

Иран халқы сондай-ақ, міндеттемесін бұзатын АҚШ-тың одақтасы саналатын Еуропа одағының басшыларына сенім артпайтынын мәлімдеп, елдің жауапты тұлғаларынан кез келген келіссөзде қырғалық танытып, нұқсан келтірілмейтін шынайы кепілдіктер алып, олардың ашкөздіктеріне қарсы табандылық пен күш-қуат танытуды талап етті.