Иран көршілес елдермен, соның ішінде Түркіменстанмен қарым-қатынасты тереңдетуге дайын
ИИР Президенті Рухани Теһранның көршілес елдермен, соның ішінде дос әрі бауырлас ел Түркіменстанмен екі елді қызықтыратын барлық салалар бойынша қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуге дайын екендігін мәлімдеді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуінде екіжақты келісімдердің жылдам орындалуын екі елдің мүддесіне сай деп атап: "Иран мен Түркіменстанның қарым-қатынасын дамытуға ешқандай кедергі жоқ. Өзара байланыс барлық салаларда дамуы тиіс",-деді.
Рухани энергия көздерінің свопы, электр тасымалы, транзиттік әріптестікті нығайту, тас және темір жол желілерін іске қосу, жеңілдіктер беру және сауда қарым-қатынасын дамыту салаларындағы екіжақты келісімдерді орындау қажеттігін айтып: "Иранның техникалық-инженерлік компаниялары Түркіменстанға қызмет көрсетіп, бұл елде күре жолдар салу сияқты жобаларды орындауға әзір",-деді.
Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов те осы кездесуде Иран мен Түркіменстан халықтарының тарихи және мәдени терең байланыстарына тоқталып: "Ашхабад Теһранмен байланысын нығайтып, тереңдету үшін мықты ерік-жігерге ие және екі елді қызықтыратын барлық салалар бойынша Иранмен ұзақ мерзімді келісімдер жасауды қалайды",-деді.