Рухани Иранның мини-футбол бойынша әйелдер құрама командасын Азия чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады
ИИР президенті сенбі күні кешкі жолдауында Иран халқын Иранның мини-футбол бойынша әйелдер ұлттық құрама командасының Азия чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.
Президенттің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, Хасан Рухани жолдауында сондай-ақ: "Иранның мини-футбол бойынша әйелдер құрама командасының Азия чемпионатында жеңімпаз атануы исламдық Иранның банулары мен қыздарының дамуы, қабілеті мен лайықты екендіктерінің тағы бір белгісі саналады",- деп баса айтты.
ИИР-ның мини-футбол бойынша командасы сенбі күні Жапония командасынан басым түсіп, Азия чемпионатында екінші рет қатарынан жеңімпаз атанды.
Иранның мини-футбол бойынша әйелдер ұлттық құрама командасының ойыншысы Фереште Карими бұл жарыстың ең үздік ойыншысы ретінде танылды.
Иранның мини-футбол бойынша әйелдер құрама командасы осы чемпионаттың алдыңғы кезеңдерінің финалында Жапония командасымен бақ сынасып, жеңімпаз атанған болатын.