Рухани: Иранның аймақтағы саясаты – қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап, лаңкестікпен күресу
https://itolqyn.com/news/iran-i36934
ИИР Президенті Теһранның аймақтағы саясатының қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап, лаңкестікпен күресу екендігіне тоқталып: "Иран Ирак халқы мен үкіметіне ДАИШ-тен құтылуға көмектесті. Бүгін бұл елдің халқы қауіпсіздік пен тыныш жағдайда сайлауға қатысты",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 14, 2018 00:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның аймақтағы саясаты – қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап,  лаңкестікпен күресу

ИИР Президенті Теһранның аймақтағы саясатының қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап, лаңкестікпен күресу екендігіне тоқталып: "Иран Ирак халқы мен үкіметіне ДАИШ-тен құтылуға көмектесті. Бүгін бұл елдің халқы қауіпсіздік пен тыныш жағдайда сайлауға қатысты",- деді.

Хасан Рухани Теһранда Иран мен Шри-Ланканың жоғары лауазымды топтарының отырысында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шығуын ахлақ пен халықаралық заңдарға қайшы деп атап: "Америкалықтардың келісімді бұзуы олардың өз міндеттемелеріне тұрақты емес екендігін, сондай-ақ оларға сенім артуға болмайтынын көрсетті",- деп қуаттады.

Иран Президенті өз құқықтарынан мақұқрым халықтарға көмектесу қажеттігін қуаттап: "Өкінішке орай, Палестина халқы 70 жыл бойы зұлымдық және қылмыстармен бетпе-бет келіп, басқыншы сионистік режим өз әрекеттерін жалғастырып отыр",- деді. Рухани сондай-ақ, Иран мен Шри-Ланка қарым-қатынастарын оң әрі достық байланыс деп бағалап, жан-жақты, әсіресе сауда мен экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге талпыну қажеттігін баса айтты.

Шри-Ланка Президенті Майтрипала Сирисена да екі елдің сауда айналымының деңгейін көтеру үшін Теһран мен Коломбо арасындағы қарым-қатынастар мен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуді қажет деп атап, Иранның инвесторлары мен экономикалық саласындағы белсенділерін Шри-Ланканың жобаларын іске асыруға қатысуға шақырды.