Рухани Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасындағы мүдделеріне кепілдік беру қажеттігін қуаттады
ИИР президенті Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы мүдделеріне кепілдік беру қажеттігін қуаттады.
ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Хасан Рухани жексенбі күні кешке Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Меймен телефон арқылы сұхбатында Еуропа одағының "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап, Иранның мүдделеріне кепілдік беруге шектеулі уақыты бар екенін баса айтып: "Мұнай, газ және мұнайхимия өнімдерін сату, банктік қатынастар мен инвестиция салу секілді "Ортақ қадаммен" байланысты маңызды мәселелердегі Иранның мүдделері айқын түрде анықталып, оларға кепілдік берілуі тиіс",- деді.
Рухани Ұлыбританияның 2003 жылдан бастап "ұтыс-ұтыс» келісімі "Ортақ қадамға" қол қойылғанға дейінгі ядролық келіссөздерде атқарған рөліне тоқталып, АҚШ-тың бұл келісімнен шығуын заңсыз, жауапсыз және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы әрекет деп атады.
Ұлыбритания премьер-министрі де телефон арқылы орнаған сұхбат барысында барлық тараптардың "Ортақ қадамды" сақтау қажеттігін қуаттап: "Еуропа одағының мақсаты – "Ортақ қадамды" сақтап қалу. Сондықтан Лондон өзінің еуропалық әріптестерімен бірге "Ортақ қадам" бағдарламасының сақталуы мен Иранның бұл келісімнен пайда көруі үшін бар күшін салады",- деді.