Еуроодақ Иранға инвестиция салу жолындағы кедергілерді жоюды көздейді
(last modified Sun, 20 May 2018 07:45:28 GMT )
Maм 20, 2018 13:45 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Иранға инвестиция салу жолындағы кедергілерді жоюды көздейді

Еуропаның Энергетика комиссары сенбі күні кешке Теһранда Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканианмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын ескере отырып, Еуропа комиссиясының Иранға инвестиция салу жолындағы кедергілерді жоятын комитет құрғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мигель Ариас Каньете АҚШ Президенті Дональд Трамптың ядролық санкцияларды қайтаруға қатысты шараларына тоқталып, Еуроодақтың осы саладағы қиыншылықтарды шешуге талпыныс жасап жатқанын, Еуропа комиссиясы делегациясын Иранға жібергендегі мақсатты санкциялардың әсерін мүмкіндігінше жою деп атады.

Иранның Энергетика министрі де осы баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде: "Еуроодаққа мүше елдердің басшылары сәрсенбі күні кешке (16 мамырда) Болгарияның астанасы Софиядағы отырыстың соңында АҚХА Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындағанын растағандай Еуропа елдері де Иранға қатысты  міндеттемелерін орындауға қажет барлық шараларды атқаратынын қуаттады",-деді.