Рухани: Иран сыртқы саясатта табысты болды
https://itolqyn.com/news/iran-i37108
ИИР Президенті сенбі күні кешке Теһранда Иранның әйелдері, жастары мен студенттерінің бір тобымен кездесуінде ИИР-ның сыртқы саясат пен жамандық тілеушілерге қарсы тұруда табысты болғанын қуаттап: "АҚШ-тың Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан тезірек шығаруға итермелеген жоспары жеңіліс тапты",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 20, 2018 13:50 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран сыртқы саясатта табысты болды

ИИР Президенті сенбі күні кешке Теһранда Иранның әйелдері, жастары мен студенттерінің бір тобымен кездесуінде ИИР-ның сыртқы саясат пен жамандық тілеушілерге қарсы тұруда табысты болғанын қуаттап: "АҚШ-тың Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан тезірек шығаруға итермелеген жоспары жеңіліс тапты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани: "АҚШ бұл ел "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін «Иран да одан шығады, Иранның ісі жылдам БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне барады, барлық қарарлар мен санкциялар қайтарылады, Иран әлемнің алдында жалғыз қалады» деп ойлады, бірақ бұл қастандық сәтсіздікке ұшырады.  

Бүгінде әлем АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын бұрыс, заңсыз әрі әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы әрекет деп санайды. Бұл –  Иранның жетістігі",-деп қуаттады.