Еуропа Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасындағы мүдделерінің қамтамасыз етілуіне кепілдік берсін
(last modified Mon, 21 May 2018 15:19:48 GMT )
Maм 21, 2018 21:19 Asia/Almaty
  • Еуропа Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасындағы мүдделерінің қамтамасыз етілуіне кепілдік берсін

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Еуропадан қалған аз уақытта Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейінгі ИИР-ның мүдделерін қамтамасыз ететіндігіне кепілдік беруді сұрады.

Иран Телерадио бірлестігінің Шетелдік хабар торабының Хабар және сараптама бас кеңсесі тілшісінің мәліметіне сәйкес, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми дүйсенбі күнгі республикалық және шетелдік тілшілермен өткізген апталық отырыста «Американың «Ортақ қадам» келісімінен шығуымен еуропалық үлкен компаниялар Иранмен серіктестіктерін үзеді ме? Шағын компаниялар арқылы Иранның талаптары қамтамасыз етіле ме?» деген сауалдарға берген жауапта: «Америка шыққаннан кейін жаңа жағдай қалыптасты. Басқа тараптардың «Ортақ қадам» келісімін жалғастыруға деген қызығушылықтары мен қалауларына байланысты осы тұрғысында келіссөздер жалғасуда» деді.  
Ғасеми сонымен қатар Ресейдің Сириядан барлық тараптарды шығару үшін жасаған өтініші туралы: «Ешбір ел Иранды Сириядан шығуға мәжбүрлей алмайды. ИИР – тәуелсіз мемлекет. Иран Сирияға осы елдің заңды үкіметінің лаңкестікпен күресу үшін шақыруымен келді» деді.

Иранның дипломатиялық органының баспасөз хатшысы шетелдік торап тілшісінің Ауғанстанның кейбір жауапты тұлғаларының "Иран Фараһ қаласына шабуылда талибандарды қолдады" деген айыптауына берген жауапта: «Иран ешбір елдің ішкі ісіне араласпайды. Мұнымен қатар Иранның саясаты Ауғанстан үкіметімен неғұрлым көбірек ынтымақтастық жасауға бағытталған» деді.

 

Тегтер