Рухани: Егер алпауыт елдерге бағынсақ, ешқайда жетпейміз
Maм 25, 2018 18:47 Asia/Almaty
ИИР Президенті ғиззат, айбын және абыройдың әрбір халық үшін кез келген нәрседен жоғары екенін қуаттап: «Егер бай және халқымыздың саны көп бола тұра, алпауыт елдерге бағынсақ, ешқайда жетпейміз»,- деді.
Хасан Рухани хурдод айының үші – Хоррамшаһр қаласының азат етілген күнінің жылдығымен тұспа-тұс Теһранда жанкештілер, әсіресе Хоррамшаһр шәһидтеріне арналған отырыста АҚШ Президентінің Сауд Арабиясы халқын «сауын сиыр» деп атап, «оны сауу» керек деп жариялағанына тоқталып: «Байлық пен әдемі тұрмыс халық үшін маңызды. Бірақ бедел мен абырой одан да жоғары.
Қасиетті қорғаныс соғысы кезінде Иран халқы үшін ешбір күн Хоррамшаһрды азат еткен күннен қуанышты болған жоқ»,- деді.
Тегтер