Рухани: Егер алпауыт елдерге бағынсақ, ешқайда жетпейміз
https://itolqyn.com/news/iran-i37264
ИИР Президенті ғиззат, айбын және абыройдың әрбір халық үшін кез келген нәрседен жоғары екенін қуаттап: «Егер бай және халқымыздың саны көп бола тұра, алпауыт елдерге бағынсақ, ешқайда жетпейміз»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2018 18:47 Asia/Almaty
  • Рухани: Егер алпауыт елдерге бағынсақ, ешқайда жетпейміз

ИИР Президенті ғиззат, айбын және абыройдың әрбір халық үшін кез келген нәрседен жоғары екенін қуаттап: «Егер бай және халқымыздың саны көп бола тұра, алпауыт елдерге бағынсақ, ешқайда жетпейміз»,- деді.

Хасан Рухани хурдод айының үші – Хоррамшаһр қаласының азат етілген күнінің жылдығымен тұспа-тұс Теһранда жанкештілер, әсіресе Хоррамшаһр шәһидтеріне арналған отырыста АҚШ Президентінің Сауд Арабиясы халқын «сауын сиыр» деп атап, «оны сауу» керек деп жариялағанына тоқталып: «Байлық пен әдемі тұрмыс халық үшін маңызды. Бірақ бедел мен абырой одан да жоғары.

Қасиетті қорғаныс соғысы кезінде Иран халқы үшін ешбір күн Хоррамшаһрды азат еткен күннен қуанышты болған жоқ»,- деді.