Хасан Рухани АҚШ-тың жауластық сипаттағы санкцияларын жою үшін талпыныстарды жалғастыру қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты жауластық сипаттағы санкцияларын жою жолындағы талпыныстарды жалғастыру қажеттігін қуаттады.
ИИР Президенті аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһранда ұстаздар мен экономика саласындағы белсенділердің бір тобымен кездесуінде ұлттық экономиканың сыртқа бағытталуын жүйенің негізгі саясаттары мен қажеттіліктерінің бірі деп атап: "Бірлесу арқылы дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандырып, әрбір санкцияны мұрсатқа айналдыруға болады",-деді.
Рухани санкцияларды залалсыздандыру үшін жеке секторды қолдап: "Америкалықтар санкциялардың мақсатын Иран халқы емес деп өтірік айтады. Олар Иран халқын нысанаға алып отыр",-деді.
ИИР Президенті Иранды дамыту қажеттігін қуаттап, шетелдік инвестиция мен ұлттық экспортты қолдауға мүдделілік танытып: "Бүгінде бірнеше елден басқаның бәрі АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін айыптады. ИИР халықаралық құқықтық қолдауға ие. Сондықтан АҚХА-ның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен ядролық бағдарлама жайлы есептеріне арқа сүйейді",-деп баса айтты.