Дағыстан Иранмен сауда байланыстарын кеңейтуге ықылас танытты
https://itolqyn.com/news/iran-i37380-Дағыстан_Иранмен_сауда_байланыстарын_кеңейтуге_ықылас_танытты
Дағыстан республикасының Теһрандағы Ресей елшілігіндегі арнайы өкілі Дағыстан халқының Иранмен сауда байланыстарын кеңейтуді қалайтынын, екі жақты қарым-қатынастарды арттыру үшін еш кедергінің жоқ екендігін айтты.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Maм 29, 2018 21:45 Asia/Almaty
  • Дағыстан Иранмен сауда байланыстарын кеңейтуге ықылас танытты

Дағыстан республикасының Теһрандағы Ресей елшілігіндегі арнайы өкілі Дағыстан халқының Иранмен сауда байланыстарын кеңейтуді қалайтынын, екі жақты қарым-қатынастарды арттыру үшін еш кедергінің жоқ екендігін айтты.

Ресейде Иранның экспорттық әлеуеттерінің көрмесін ұйымдастыру үшін үйлесімділік жұмыстарын жоспарлау мақсатында өткен Теһран облысының экономика саласы белсенділерінің отырысында Амин Алиев Дағыстан үкіметінің Иранның экспорттық әлеуеттерінің көрмесін өткізу үшін ауқымды талпыныстар жасағанын айтып: «Американың қоқан-лоққыларына қарамастан Иранмен сауда серіктестіктерін кеңейту үшін ешқандай қиындық жоқ. Иран мен Ресей байланыстары Дағыстан арқылы туризм өнеркәсібі мен сауда-экономика салаларында дами алады. Экономикалық байланыстарды арттыру үшін бағдарлама жасау керек» деді.