Рухани: 1395 жыл – қарсыласу экономикасын күшейтіп, еңбек ететін жыл
ИИР Президенті х.ш.ж.с.б. 1395 жылды қарсыласу экономикасын күшейтіп, еңбек ететін жыл деп атады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі, бөлім басшылары және қызметкерлерімен кездесуінде даму бағытында саналы түрде қарқынды әрекет етудің Иран үшін қажет іс екендігін айтып: «Барлығымыз қарсыласу экономикасында іс-әрекеттің жасалуына талпыныс жасауымыз қажет»,-деді.
Рухани өткен жылдары Иран халқы дұшпандарының Иранның әлемдік энергетика нарығындағы күш-қуаты мен ықпалын жоюға талпынғанын айтып: «Иран аймақтағы үлкен алпауыт, энергетика саласында ықпалды ел болып саналады»,-деді.
Рухани, сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалыптасқан кеңістікті отандық және шетелдік инвестицияны тарту, сонымен қатар әлемнің маңызды технологияларын қолдану жолында пайдалану қажеттігіне тоқталып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – қажет жеңілдіктер қалыптастырып, кедергілерді жою үшін берілген мұрсат. Ол барлық мүмкіндікті Иран халқының мүддесіне сай даму жолында пайдалануға жағдай жасайды»,-деп қуаттады.