Зангане ОПЕК-тің ұйымға мүше барлық елдерді қолдауы қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 01 Jun 2018 12:55:00 GMT )
Маусым 01, 2018 18:55 Asia/Almaty
  • Зангане ОПЕК-тің ұйымға мүше барлық елдерді қолдауы қажеттігін қуаттады

ИИР Мұнай министрі Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-тің кезеңдік басшысына жазған хатында осы ұйымның министрлер саммитының заңсыз, біржақты әрі трансшекаралық санкциялар жағдайындағы мүше елдерге қолдау көрсетуі қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане БАӘ-нің Энергетика және өнеркәсіп министрі әрі ОПЕК-тің кезеңдік басшысы Сохейл Мұхаммад әл-Мазруиге жазған хатында АҚШ-тың ИИР-на қарсы біржақты әрі заңсыз санкция салғанына тоқталып, ОПЕК жарғысының барлық мүше елдердің мүдделерін қорғау туралы 2-ші бабының орындалу қажеттігін айтты.

ОПЕК жарғысының 2-ші бабында жеке және ұжымдық негізде мүшелердің мүддесін сақтау қажеттігі қуатталған.

Сонымен қатар Зангане ОПЕК-тің кейбір мүшелерінің соңғы күндері айтқан сөздеріне тоқталып: "Ешбір ел ОПЕК мүшелерінің атынан шешім қабылдай алмайды. Бұл ұйымның шаралары тек барлық мүшелердің ұжымдық шешімімен атқарылады",-деді.

Сауд Арабиясының Энергетика министрі Халед әл-Фатих өткен аптада мұнай ұсынудағы алаңдаушылықты жою үшін ОПЕК-тің мұнай өндірісін біртіндеп арттыру жобасын орындауды көздеп отырғанын мәлімдеді.