Рухани: Құдсты азат ету – Иран халқы мен барша мұсылмандардың қасиетті арманы
ИИР президенті Құдс күнін қанаушыларға қарсы жанайқай білдіріп, 70 жыл бұрын өз үйлерінен бас сауғалап кеткен мазлұм халыққа қолдау көрсететін тарихи күн деп атады.
Хасан Рухани әлемдік Құдс күні қарсаңындағы жолдауында биылғы Құдс күнінің айрықша ерекшеліктерге ие екендігін айтып: "Биыл Палестина жерінің басып алынуына 70 жыл толумен қатар халықаралық заңдар мен ережелерге қарамастан АҚШ-тың барша мұсылмандар қастерлейтін Бейт ул-Мұқаддасты басқыншы сионистік режимнің астанасы ретінде мойындағанына куә болдық.
Иранның барша халқы Құдс күнгі ұлы шеруге қатысу арқылы басқыншы сионистік режимге Палестина жері мен Құдс Шәріп жайлы ұмытпағанын және Құдсты азат етудің әлі де Иран халқы мен барша мұсылмандардың қасиетті арманы екендігі туралы жолдауды жеткізеді",- деді. ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің бастамасымен қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы Әлемдік Құдс күні деп аталған. Әлемдік Құдс күнгі шеру жұма күні, маусымның сегізі, сәйкесінше х.қ.ж.с.б 1439 жылдың Рамазан айының жиырма үші күні Иранмен қатар әлемнің басқа да мемлекеттерінде өткізіледі.