Генерал Солеймани: Ливан Хезболласы Қарсыласу үкіметіне айналды
(last modified Tue, 12 Jun 2018 02:21:50 GMT )
Маусым 12, 2018 08:21 Asia/Almaty
  • Генерал Солеймани: Ливан Хезболласы Қарсыласу үкіметіне айналды

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Сауд Арабиясының қысқа мерзім ішінде Ливанның парламенттік сайлауына 200 млн доллар жұмсағанын, бірақ сайлауда Хезболла партиясының жеңіске жеткенін айтты.

ISNА-ның дүйсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, генерал Ғасем Солеймани Ливанның жуырдағы сайлауы туралы сөзінде оны референдум деп атап: «Ливанның парламенттік сайлауы Хезболланы Сирия мен Ливанның, Ирак пен Йемен мен аймақ істеріне араасуда деп айыптаған жағдайда өтті. Бірақ, сайлауда осы елдің астанасы Бейрутте Ливан Хезболласының мүшелері көп дауысқа ие болды» деді. Генерал Солеймани Хезболланың партиядан қарсыласу үкіметіне айналғанын айтып: «Әл-Сауд режимінің сұм әрекеттеріне қарамастан Хезболла бірінші рет Ливан Парламентінде көп орынға ие болып, бір партиядан Ливанның Қарсыласу үкіметіне айналды. Бұл – үлкен жеңіс» деді.

 

 

 

 

 

Тегтер