Маусым 16, 2018 19:43 Asia/Almaty
  • Рухани: Барлық елдер Ақ үй басшыларының зорлығына қарсы тұруы тиіс

ИИР Президенті Иранның сауда серіктестерін, Еуропа мен Ресейді және Қытай мен көршілес елдерді, мұсылмандар мен барлық елдерді Ақ үй басшыларының зорлығына қарсы тұруға шақырды.

Хасан Рухани, жұма күні Ораза айтына орай жүйенің жауапты тұлғалары және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде сөйлеген сөзінде қазіргі жағдайда дұшпанның тәжірибе мен парасаттылықтан кенде екендігін айтып: "Дұшпан Иран халқына қатысты міндеттемелерді ғана емес, өзінің аймақ пен халықаралық деңгейдегі барлық міндеттемелерін бұзуға шешім қабылдап отыр.

Ауғанстан, Ирак, Сирия, Йемен және басқа аймақтардағы халықтардың қанына ортақ алпауыт елдің бейбітшілік бетпердесін жамылып, келіссөз жүргізіп, бітімге келу туралы сөйлесуі және күнде адам өлтіретін қылмыскер режимнің ИИР жүйесі мен халқы жайлы жалған ақпарат таратып, қате түсінік қалыптастыру үшін  шетелдерді аралап жүргені таңданыс тудырады",-деді.

 

 

Тегтер