АҚШ-тың шынайы болмысы: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы
(last modified Thu, 21 Jun 2018 16:11:12 GMT )
Маусым 21, 2018 22:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың шынайы болмысы: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше, сәрсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, өкілдері мен бір топ қызметкерлерімен кездесуінде АҚШ-тың болмысы мен мақсаттарына тоқталды.

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың халықаралық деңгейде қастық пен зорлық  жасап отырғанының күн сайын айқындала түскенін айтып: "АҚШ-та мыңдаған баланы ата-анасынан бөлу қылмысын көру – адам төзгісіз жағдай. Алайда америкалықтар асқан қатігездікпен балаларды мигрант ата-аналарынан айырып жатыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі дамыған қару-жарақтарға ие бірнеше елдің бір айлақты Йеменнің мазлұм халқынан тартып алу үшін қанды шабуылдар жасауын әлемдік үстемшілдердің сұрқия болмысының келесі бір көрінісі деп атап: "Адамзаттың осы дұшпандары Иран халқының табандылығы мен әділет талап етушілігіне байланысты  ИИР жүйесімен жауласады, бірақ Иран халқы Алланың қолдауымен ішкі тұтастықты сақтап, АҚШ пен басқа да дұшпандарды жеңеді",-деді.

 

Мәжіліс лаңкестікпен күрес және ақша жылыстатумен күрес сияқты тақырыптарға қатысты заң шығаруы керек.

Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ пен халықаралық үстемшілдер туралы көзқарасы адамзат дұшпандарының шынайы болмысын тануынан туындап отыр. Дұшпандар өздерінің үстемшіл сипаттағы ойлары және сұрқия мақсаттарымен лаңкестікпен күресті сылтауратып, аймақтың саяси картасын өзгертуді жоспарлауда.  Олар өз мақсаттарына жету үшін халықаралық конвенциялар мен хаттамалар қалыбында сырттай ақтауға болатын тетіктер мен тәсілдерді пайдаланады. Осындай хаттамалардың кейбіреуі әлемдік алпауыттардың басқа елдерге үстемдік жүргізуінің құралына айналған. Ислам революциясының жетекшісі осы жайында кейір халықаралық конвенциялар мен хаттамаларға қырағы қарау қажеттігін қуаттап: "Бұл хаттамалар алдымен ірі алпауыттардың пікірлесу палаталарында олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында дайындалып, содан соң жақтас, бағынышты немесе қорқатын елдердің қосылуымен халықаралық сипатқа ие болады. Ал егер Иран сияқты тәуелсіз ел оларды қабылдамаса, «150 ел қабылдағанда сіздер неге қабылдамайсыздар деп тарпа бас салады",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде зорлықшыл алпауыттардың қастандықтарымен күресу үшін жан-жақты назарға алынуы тиіс бірнеше маңызды жайт айтылған. Олардың шынайы мақсаттары күрделі және адам құқығын қорғау, лаңкестікпен күресу және демократияны қорғау сияқты жалған уәждердің астарында жасырынған.

Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі: "Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі дербес түрде лаңкестікпен күрес және ақша жылыстатумен күрес сияқты тақырыптарға қатысты заң шығаруы керек",-деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдерімен кездесуінде жасаған баяндамасы өткен тәжірибелерді қайта еске түсіру және АҚШ-тың әрекеттеріне сәйкес қазіргі шындықтарды көрсету болды. Халықаралық ұйымдар мен конвенцияларға берік болмай отырған АҚШ-тың шынайы болмысы қазір баршаға аян. АҚШ Париж климаттық өзгерістер туралы конвенциясынан шыққаннан кейін жуырдағы тағы бір уағда бұзушылығында БҰҰ-ның Адам құқығын қорғау кеңесінен де шықты. Бұл шешімнің себебі аталмыш кеңестің сындары және Адам құқығы кеңесінде Израильдің Палестина халқына қарсы қылмыстарының қарастырылуы болды.

Ислам революциясының жетекшісі еске салғандай, Иран халқының дұшпандары мен АҚШ – тура мағынада баж талап етіп, зорлық жасаушылар. ИИР жүйесі мен халқының ешқандай баж бен зорлыққа мойынұсынбайтыны анық.