Сәу 06, 2016 16:11 Asia/Almaty
  • ДАИШ еуропалық астаналарға шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы жасады

Лаңкестік ДАИШ тобы бейнематериал жариялап, Батысқа қарсы шабуылдарын жалғастыратынын мәлімдеді.

«Тасним» ақпарат агенттігінің Tags Spiegel газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сейсенбі күні жарияланған бұл бейнематериалда Париж бен Брюссельдегі лаңкестік шабуылдардың сахналарын көрсетіп, ДАИШ лаңкестерінің бірі: «Кеше Парижде, бүгін Брюссельде, ертең мұндай оқиғаның қайда орын алатынын Құдай біледі»,-деп мәлімдеме жасайды.

ДАИШ өз бейнематериалында Лондон, Берлин және Рим қалаларын шабуылдарының ықтималды нысаналары деп атап, Лондондағы Ұлыбритания Парламенті мен Римдегі көне көрмелерді көрсеткен.

Тегтер