Рухани: Қарсыласу экономикасын іске асыру саласындағы үкіметтің бағдарламалары қарқынды түрде жалғасады
Сәу 06, 2016 16:21 Asia/Almaty
ИИР Президенті жаңа жылдың ислам революциясы жетекшісі тарапынан «Қарсыласу экономикасы: іс-әрекет» деп аталуына тоқталып: «Үкімет қарсыласу экономикасын іске асыру саласындағы бағдарламалары мен іс-әрекеттерін қарқынды түрде жалғастырады»,- деп баса айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Иранның Мәдени революциясы жоғары кеңесінің 1395-ші жылдағы бірінші отырысында: «Қарсыласу экономикасын іске асыру мәдениет, ахлақ пен пікірлестікті қажет етеді. Иранның Мәдени революциясының жоғары кеңесі бұл салада өз рөлін атқаруы керек. Экономиканың тұрақты дамуы монополияны жою, айқын мәліметтер және түзу, ахлаққа сай бәсекелестік арқылы жүзеге асады»,- деді.
Тегтер