Шіл 02, 2018 19:15 Asia/Almaty

ИИР-ның президенті бүгін түсте еуропалық екі ел – Швейцария мен Австрия басшыларымен кездесу мақсатындағы кезеңдік сапарын бастады. Рухани бірінші кезеңде Швейцарияның астанасы Берн қаласын бетке алды.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани Швейцария сапарынан бұрын Теһранның Меһрабад әуежайында тілшілерге берген сұхбатта «Иран Еуропа одағына мүше елдермен, соның ішінде Швейцария және Австриямен байланыстарын нығайтуға көп мән береді. Берн және Венамен қарым-қатынастарды нығайту үшін кең мүмкіндіктерді пайдалану осы екі елге жасайтын сапардың мақсаттарының қатарын құрайды. Еуропаның бүгінгі жағдайы бұрынғы кезбен салыстырғанда біршама өзгеше. Еуропа бүгінде  біржақтылықпен, аймақ  және халықаралық мәселелер бойынша Иран мен басқа да ықпалға ие маңызды елдермен серіктестік жасау үшін қаттырақ дауыспен қарсыласуда» деді.

Ол осы сапарда еуропалықтардың «Ортақ қадам» туралы ұсыныс пакетінің де қарастырылатындығына тоқталып: «Америкалықтар халықаралық ережелер мен көп жақты міндетемелеріне қайшы «Ортақ қадам» келісімінен шықты. Бірақ, келісімнің барлық басқа мүшелері, соның ішінде Ресей мен Қытай және еуропалық үш ел мен Еуропа Одағының мүшелері «Ортақ қадам» келісімінің Америкасыз да сақталуына күш салуда» деді.

 

Тегтер