АҚШ-тың Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына жасаған шабуылы ешқашан ұмытылмайды
(last modified Wed, 04 Jul 2018 02:05:46 GMT )
Шіл 04, 2018 08:05 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына жасаған шабуылы ешқашан ұмытылмайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Ирандықтар америкалық кеменің Ираннның жолаушы тасымалдаушы ұшағына жасаған шабуылын ешқашан ұмытпайды",- деді.

Бүгін шілденің үші күні америкалық Vincennes кемесінің ИИР-ның жолаушы тасымалдаушы ұшағын нысанаға алған қылмысына отыз жыл болды. Сол қылмыс салдарынан 290 жолаушы мен ұшақ экипажы, соның ішінде 66 бейкүнә бала шәһид болған.

Бахрам Ғасеми: "Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына шабуыл жасауы халықаралық заңдар мен ережелерді бұзып жатқанын теріске шығармайтын АҚШ-тың маңдайына басылған қара дақ саналады. Бұл дау-дамайдың растығын дәлелдеу үшін халықаралық заңдарды бұзатын бұл үкіметтің өзінің қылмыскерлік әрекеттеріне мүлдем өкінбеуімен қатар, аталмыш америкалық кеменің қолбасшысын жүздеген бейкүнә бейбіт адамды өлтіргені үшін ерлік орденімен марапаттағанының өзі жеткілікті",- деді.