Солеймани Иран президентінің сионистік режим жайлы айтқан сөздеріне алғыс білдірді
Шіл 05, 2018 14:23 Asia/Almaty
Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің бас қолбасшысы Иран президентінің сәрсенбі күні америкалықтар мен сионистерге қарсы айтқан жолдауындағы ұстанымдарын мақтан тұтарлық деп бағалады.
IRNA ақпарат агенттінің хабарлауы бойынша, генерал-майор сардар Ғасем Солеймани Хасан Руханидің "Егер ИИР мұнай экспорттамайтын болса, бүкіл аймақтың мұнай экспорттауына кепілдік берілмейді" деген сөздері мен ИИР-ның сионистік режимге қатысты жариялаған позициясын мақтан тұтарлық деп бағалап: "ИИР президентінің дана, құнды әрі айбынды сөздері Ислам революциясының жетекшісі мен исламдық Иранның халқының және әлем мұсылмандарының абыройын асқақтатты",- деді.
Тегтер