Рухани Еуропамен ынтымақтастықтарды жалғастырудың шартын СІМ отырысының нәтижесімен байланыстырды
https://itolqyn.com/news/iran-i38172
ИИР Президенті бейсенбі күні Германия Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы байланысында: "Егер Венада өтетін еуропалық мемлекеттер министрлерінің отырысы Иранды ынтымақтастық жасап, ортақ жұмыстарды жалғастыруға жігерлетіндіретін болса, Еуропамен ынтымақтастықты жалғастырамыз",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 06, 2018 21:39 Asia/Almaty
  • Рухани Еуропамен ынтымақтастықтарды жалғастырудың шартын СІМ  отырысының нәтижесімен байланыстырды

ИИР Президенті бейсенбі күні Германия Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы байланысында: "Егер Венада өтетін еуропалық мемлекеттер министрлерінің отырысы Иранды ынтымақтастық жасап, ортақ жұмыстарды жалғастыруға жігерлетіндіретін болса, Еуропамен ынтымақтастықты жалғастырамыз",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққанына сілтеме жасап, соған қатысты Еуропаның өз ұстанымын анықтап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қалай жалғастыратынын жариялауы үшін шектеулі мұрсаттың қалғанына тоқталып: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін экономикалық, банктік және мұнай  салаларында, сондай-ақ инвестиция салатын компаниялар үшін қиындықтар тудырды",- деді.

Иран Президенті еуропалық үш мемлекеттің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелері мен ынтымақтастықтары туралы ұсыынстарына тоқталып, оларды үмітті үзетін ұсыныстар деп атап: "Өкінішке орай, жасалған ұсыныстарда ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін қажет жолдар анықталмай, Еуроодақтың тек бұрынғы мәлімдемелеріндегі міндеттемелері қайталанған",- деді.

Ангела Меркель де Иранға жасалған ұсыныстарда барлық тақырыптың баяндалғаны мен әр тақырыптың егжей-тегжейі туралы келіссөздердің жалғасатындығына тоқталып: "Маңыздысы – біздің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуды қалайтындығымызда. Сондықтан, біз келіссөздерді жалғастыру керек деп ойлаймыз",- деді.