"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін Иранның талаптарын қамтамасыз ету қажет
ИИР Президенті Рухани бейсенбі күні Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатта Иранның еуропалық үш мемлекеттің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұсыныстарын қарастыруына тоқталып, Иран мен "4+1" тобының ынтымақтастықтары үдерісінің жалғасуы үшін ИИР-ның пікірлеріне шынайы көңіл бөліп, бұл елдің талаптарының қамтамасыз етілуі қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани Францияның өткен айлардағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы талпыныстарын оң бағалап: "Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы ынтымақтастықтарды жалғастыру ұсыныстары біздің барлық талаптарымызды қамтамасыз етпейді. Біз жұма күні Венада өтетін келіссөздердің келісімдегі ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін Иранның талаптарын қамтамасыз ететіндігіне үміттенеміз",- деді.
Макрон да Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу бағытындағы талпыныстарын жалғастыратынын баяндап: "Жұма күнгі Иран мен "4+1" тобы Сыртқы істер министрлерінің Венадағы кездесулері ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін қажет саяси және экономикалық тақырыптардың теңгерімін таба алады",- деді.