Велаяти: Иран АҚШ-тың қоқан-лоққысына бола Сириядан кетпейді
(last modified Sat, 14 Jul 2018 09:54:18 GMT )
Шіл 14, 2018 15:54 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран АҚШ-тың қоқан-лоққысына бола Сириядан кетпейді

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иран мен Ресейдің Сирияда орналасуы қажеттігін қуаттап, Иранның АҚШ пен сионистік режимнің қоқан-лоқысына бола Сириядан кетпейтінін қуаттады.

Велаяти жұма күні Ресейдегі "Валдай" пікірталас орталығында сөйлеген сөзінде: "Егер Иран мен Ресей Сириядан кететін болса, лаңкестер тағы да бұл елге үстемдік орнатады. Бұл елдердің құзыры лаңкестердің Сирияда қайтадан белсенділік таныптауына кепілдік береді",- деді.

Велаяти Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізуді қаламайтынын, себебі бұл елге сенім артуға болмайтындығына тоқталып: "Иран Сирияны Ливия секілді бөлшектеуге жол бермей, Сирияға АҚШ-тың басқыншылық әрекеттерімен күресуге көмектеседі",- деді.

Ол АҚШ-тың Ираннан Сириядан шығу туралы өтінішінің мақсатын Мәскеу мен Теһран одағына соққы беру деп атап: "Иран, Сирия, Ресей және Ливан Хезболласы өздерінің Сириядағы әрекеттерін бір-бірімен үйлестіріп жатыр",- деді.

Велаяти Трамптың Иранның мұнайды Парсы шығанағынан экспорттауына тыйым салу туралы айтқан қоқан-лоққысына сілтеме жасап: "Иран өз мұнайын сату жолында кедергі көріп тұрған жоқ. Егер Иран өз мұнайын Парсы шығанағынан сата алмайтын болса, одан басқа ешкім бұл істі жүзеге асыра алмайды",- деді.

 

 

 

Тегтер