Хасан Рухани ирандық ауыр атлетшілерді құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i38265
Президент жолдауында Иранның ауыр атлетика бойынша ұлттық командасының ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 15, 2018 14:06 Asia/Almaty
  • Хасан Рухани ирандық ауыр атлетшілерді құттықтады

Президент жолдауында Иранның ауыр атлетика бойынша ұлттық командасының ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.

ИРНА-ның сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Иран жастарының Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында тамаша өнер көрсеткеніне алғыс білдіріп, Иран халқын, ұлттық команданың мүшелері мен бапкерлерін және басшыларын Иранның үш жыл қатарынан табысқа жетіп, жеңімпаз атануымен құттықтады.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани да жолдауында Иранның ауыр атлетикадан жастар құрамасының Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.

Иранның ауыр атлетикадан жастар құрама командасы 2018 жылы Ташкентте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында екі алтын, үш күміс және үш қола медальді иеленіп, үшінші жыл қатарынан осы сайыстың жеңімпазы атанып отыр.

Өзбекстан, Түркия мен АҚШ құрама командалары жалпы командалық есепте сәйкесінше 2-3-4 орындарды иеленді.