Революция жетекшісі: Үкімет АҚШ-тың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратты
Ислам революциясының жетекшісі: "Иран үкіметі тиісті шараларды жүзеге асырып, қиындықтарды жеңіп, АҚШ-тың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратты",- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран президенті және үкімет мүшелерімен өткізген отырыста Иран президентінің Еуропаға сапары барысындағы ұстанымдарын оң бағалап: "Бөгделердің, әсіресе америкалықтардың алдында күш-қуатты көрсету қажет. Бұл іс дер уақытында, ашық әрі кесімді түрде жүзеге асуы тиіс",-деп баса айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи Иранның мүмкіндіктері мен қабілеттерін пайдалану арқылы алға қойған мақсаттарды шынайы түрде іске асыру қажеттігін қуаттап: "Еуропалық тараптар "Ортақ қадамға" қатысты тиісті кепілдіктер беруге міндетті. Алайда еліміздің экономикасы осы мәселеге тіреліп, оған қарап қалмауы тиіс",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ шетелдік байланыстар мен дипломатияны күн өткен сайын кеңейту қажеттігін қуаттап: "АҚШ секілді бірқатар елдерден басқа, еліміздің Шығыс және Батыс елдерімен қарым-қатынастары барынша нығайтылып, дипломатиялық әрекеттер артуы тиіс",- деді.