Қази Асгар: Қажылық – ислам әлемі бірлігінің факторы
(last modified Wed, 18 Jul 2018 08:50:58 GMT )
Шіл 18, 2018 14:50 Asia/Almaty
  • Қази Асгар: Қажылық – ислам әлемі бірлігінің факторы

Қажылық пен зиярат істері жөніндегі діни жетекшінің өкілі әрі ирандық қажылар тобының басшысы қажылықты ислам әлемінің бірлігі мен біртұтастығының факторы деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қажылық пен зиярат істері жөніндегі діни жетекшінің өкілі Сейед Әли Қази Асгар имам Хомейни атындағы әуежайда ирандық қажылардың бірінші тобын шығарып салу кезінде бүкіл мұсылмандарды қажылық аптасы және қадір-қасиет он күндігімен құттықтады.

Қажылық пен зиярат істері жөніндегі діни жетекшінің өкілі әрі ирандық қажылар тобының басшысы ирандық қажылардың бірінші керуенінің уәһи жеріне аттануымен ИИР жер-жерінде руханият толқынының көтерілгеніне тоқталып, ирандық қажылар үшін қажылықтың салтанатты өтетіндігіне үміт білдірді.

Бүгін, сәрсенбі күні 270 ирандық зияратшы Сауд Арабиясына аттанды. Биыл 85200 ирандық қажылық міндеттерін орындау үшін Сауд Арабиясына барады.