Рухани Трампқа арыстанның құйрығымен ойнамауға кеңес берді
ИИР Президенті: "Иран ешбір адаммен ұрыс, керіске бармайды, соғыспайды. Бірақ, дұшпандар Иранмен соғысудың ауыр соғыс, бейбітшілік орнатудың нағыз бейбітшілік екенін білгені жөн",- деп қуаттады.
Хасан Рухани Иранның шетелдегі өкілдіктері басшыларының алдында сөйлеген сөзінде америкалықтардың: "Иранға мұнайын экспорттауға рұқсат етпейміз" деген сөзіне жауап ретінде: "АҚШ Президентінің Иранның тарих бойында аймақтағы су жолдарының қауіпсіздігінің кепілі болғанын білгені жөн. Трамп мырза арыстанның құйрығымен ойнамасын. Иранның жауабы өкіндіретін болады",- деді.
Иран Президенті Ақ үй басшыларының нәсілшіл саясаттарына тоқталып: "Бүгін АҚШ басшылары мұсылмандардың ғиззатына немқұрайдылық танытуда. Сондай-ақ, мұсылмандардың жүрегіндегі қасиетті Құдстың мәртебесімен соғысуда, яғни заңсыз бір режимнің көңілінен шығу үшін бір жарым миллиард мұсылманмен соғысуда. Иран Сирия, Ирак пен Ливандағы өзінің әрекеттерін мақтан тұтады. Лаңкестікпен күресу үшін еш уақытта дұшпаннан рұқсат сұрамайды",- деді.