ИИР президентінің АҚШ басшыларына айтқан айқын да мағыналы сөзін сараптау
"АҚШ-пен сөйлесу оның алдында берілу және халықтың жетістіктерін доғару деген мағынаны білдіреді. Трамп мырза, біз тарих бойында шарапатты және аймақтағы су жолдарының қауіпсіздігіне кепіл болған ел саналамыз. Арыстанның құйрығымен ойнамаңыз. Өкінетін боласыз".
Бұл – Иран президенті Хасан Руханидың АҚШ президенті Дональд Трампқа айтқан сөзінің бір бөлігі.
ИИР президенті кеше жексенбі күні Иран СІМ-нің зерттеу орталығында өткен ИИР-ның шетелдегі өкілдіктері басшыларымен өткізген кездесуінде: "Сіз Иранды өз қалауыңыз бен мақсаттарыңызға жетуге рұқсат беретіндей соншалықты әлсіз деп ойлап отырсыз ба?",- деді.
АҚШ президентінің осындай деңгейде қатты әрі ашық түрде өткір сынға ұшырауы сирек жағдай.
Алайда Руханидың бұл сөзін әлем халықтарына арналған шынайы ескерту және қауіп-қатердің дабылы деп атауға болады. Хасан Рухани сөзінің жалғасында: "АҚШ-тың қазіргі басшыларының іс-әрекеттері әлем үшін көп қауіп-қатер тудырды",- деді.
Бұл көзқарас тұрғысынан Руханидың сөзінде әлем халықтарының тағдырымен байланысты маңызды мәселелер көтерілді. Бүгінде АҚШ-тың жанжалды президенті арсыздығының артқаны соншалықты сионистер мен АҚШ үкіметі бірауыздан ашық түрде Палестина атты мемлекет пен Құдстың мұсылмандарға тиесілі екенін мойындамай отыр. Олардың пайымдауынша, негізінен Палестина мүлдем мұсылмандардың жері болмаған.
Осы бейбастақ әрі жөнсіз ұстанымдарды ИИР президенті аймақтағы жаңа жағдай деп атап: "Мұндай бидғат мұсылмандар мен аймақ үшін үлкен қауіп саналады деген шындықты білдіреді» деді.
Мүмкін, Трамп Иранды зерттеп, оның әлеуетін бағалағанда оның өткеніне көз жүгіртпеген болар. Бұл таңқаларлық жайт емес. Себебі, ол саяси қырағылықтан жұрдай.
Трамп пен АҚШ-тың бірде-бір президенті түсінбеген ақиқат мынада: Иран халқының күш-құдіретінің қайнар көзі бірлік пен ынтымақ және дұшпанды танып-білуде.
Иран халқы президентінің кеше айтқан сөздері Иран халқының алатын орны мен беделін тағы еске салу саналады. Хасан Рухани: "АҚШ Иранның тарих тудырушы, ертеден келе жатқан әрі революцияшыл халқының ахлақ пен әдептен жұрдай, саясаттан хабары жоқ, жоспарлауды түсінбейтін, өз халқы, үкіметі мен кеңесшілеріне өтірік айтатын қанаушы әрі озбыр адамның алдында берілмейтінін білгені жөн",- деп баса айтты.